Жаңалықтар
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ – 33 ЖЫЛ!
Биыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 33 жыл толып отыр. Тәуелсіздік бізге оңайлықпен жеткен жоқ. Ата-бабамыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен бізге осынау кең байтақ даламызды сақтап қалып, аманат етті. Бұл Тәуелсіздік ата-бабамыздың қанша ғасырдан аңсаған арманы, аналарымыздың көз жасы. Айта кеткен жөн, еліміздің Тәуелсіздігін ең алғаш мойындаған ел – Түркия. Одан кейін басқа да мемлекеттер мойындап, қолдау көрсетті.
Осы 33 жыл ішінде еліміз бірқатар жетістіктерге жетіп, дербес мемлекет ретінде әлем жұртшылығына танылды. Өзінің шекарасын бекітіп, тілі мен діні, мемлекеттік рәміздері, салт-дәстүрі, ұлттық құндылықтары бар егеменді елге айналды.
Тәуелсіз елде, көк аспан астында, еркін ғұмыр кешіп жатқан біздер бақыттымыз. Ендігі мақсатымыз – Қазақстанның егемендігін баянды етіп, еліміздің, жеріміздің дамуына өзіміздің үлесімізді қосу.