Жаңалықтар
ТРИАТЛОННАН ТҮРКИЯДАҒЫ ОЖЖ
10.02.2025
31 қаңтар мен 17 ақпан аралығында «Астана» олимпиадалық даярлау орталығының спортшылары Түркияның Аланья қаласында триатлоннан Азия кубогіне дайындық аясында ұйымдастырылған оқу-жаттығу жиынына қатысуда.
Қатысушылар тізімі:
Айнегов Рамазан
Бекенов Қуаныш
Нұрмұхамет Алуа
Қанай Елмұрат
Аубакиров Мұрат — аға жаттықтырушы.
Түркияда өтіп жатқан оқу-жаттығу жиыны Азия кубогіне дайындықтың маңызды кезеңі болып табылады, спортшылардың техникалық дағдыларын және физикалық дайындығын жетілдіруге ерекше мүмкіндік береді. Жиын барысында олар спорттық әдіс-тәсіл, төзімділік және командалық өзара іс-қимылға жұмыс істейді, бұл болашақ жарыстарда жақсы нәтиже көрсетуге септігін тигізері сөзсіз. Спортшыларымызға сәттілік тілейміз!