Жаңалықтар
АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДАҒЫ ВЕЛОШАБАНДОЗДАРЫМЫЗДЫҢ КЕЗЕКТІ ЖЕТІСТІГІ!
10.02.2025
7-16 ақпан күндері Таиланд мемлекетінің Пхитсанулок қаласында тасжол велоспортынан өтіп жатқан Азия чемпионатының екінші күнінде «Астана» олимпиадалық даярлау орталығының юниор қыздары 10.7 км қашықтықтағы жекелей жарысқа қатысты. Сайыста 9 елдің 10 велошабандозы бақ таластырды.
Қазақстанның намысын екі спортшы қыз қорғады:
- Елькина Мария (Алматы облысы) 15:00 нәтижесімен 2 орын алып, Өзбекстандық спортшыға бар болғаны 20 секундқа жеңілді.
- Буренкова Ангелина (Жамбыл облысы) 15:35 нәтижесімен 4 орынға ие болып, қола жүлдеге бар-жоғы 12 секундқа жетпей қалды.
Спортшыларымызға чемпионатта сәттілік пен жаңа жеңістер тілейміз!