ВЕЛОСПОРТТАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚЫСҚЫ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТІП ЖАТЫР

10.02.2025

Бүгін «Сарыарқа» велотрегінде ерлер арасында (юниорлардың қатысуымен) велоспорттың темптік және спринттік түрлері бойынша Қазақстан Республикасының қысқы чемпионатының және әйелдер арасындағы топтық жарыстардың (юниор қыздардың қатысуымен) салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Сайысқа Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан, сондай-ақ Ақмола, Алматы, Жамбыл, Жетісу, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарынан жиналған 108 спортшы қатысуда.

Бүгін чемпионаттың алғашқы күні, жарыстар тартысты, қызу өтіп жатыр.

Чемпионат 13 ақпанға дейін жалғасады. Спортшыларға сәттілік тілейміз!

Бөлісу: