АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ РАМАЗАН АЙНЕГОВ ЕЛГЕ ОРАЛДЫ

14.10.2024

Бүгін Астана халықаралық әуежайында триатлоннан Азия чемпионы Рамазан Айнеговты салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті. Орталық спортшысыU15 санатындағы жасөспірімдер арасында Қытай, Жапония және Азия басқа елдерінен жиналған қарсыластарын жеңіп, үздік атанды.

15 жастағы триатлетші чемпионаттың қалай өткенін айтып, жеңіске жеткенде алған әсерлерімен бөлісті.

«Қарсыластарым мықты болды. Бірақ, тынымсыз еңбек пен маған көрсетілген қолдаудың арқасында арқасында арманым орындалып, діттеп келген мақсатыма жеттім. Өте қуаныштымын», - деді Рамазан.

Дегенмен, спортшы мұнымен тоқтап қалмақ емес. Алдағы уақытта Олимпиада ойындарына жолдама алып, жеңіс тұғырына көтерілгісі келетінін айтты.

Рамазанды осынау жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз! Триатлонда биік белестерді бағындырып, көп жүлдеге жетуін тілейміз!

Бөлісу: