Нанкин қ. (Қытай) ІІ жазғы Жастар Олимпиадасы ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне құрмет көрсету

12.09.2014

12 қыркүйекте «Сарыарқа» республикалық велотрегінде 2014 жылғы 16-28 тамыздағы  Нанкин қ. (Қытай) ІІ жазғы Жастар Олимпиадасы ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне құрмет көрсету өтті.

Спортшыларды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Әбдіқалыкова Гүлшара Наушақызы құттықтады және марапттады. Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ақшалай сертификаттар мен сыйлықтар берілді. 

 «Осы жеңіске жетуге көмектескендердің барлығына алғыс білдіремін. Нанкиндегі жарыстарда өте үлкен толқу болды, оны жеңуге біздің команда көмектесті, олар маған әрдайым қолдау көрсетті. Жақын уақытқа жоспар демалу, одан арғы жоспарды бапкерлер штабы шешеді» - деп Олимпиада жүлдегері Жүсіпов Абылайхан бөлісті.

ІІ жазғы Жастар Олимпиада ойындарында Қазақстаннан 51 спортшы болды, олар 3 алтын, 1 күміс және 4 қола медальға ие болды. Кешенді есепте біздің команда 21 жалпы командалық орынға көтерілді.

  «Сарыарқа» велотрегінің баспасөз қызметі

Бөлісу: