СПОРТ НЫСАНЫНДАҒЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЭКСКУРСИЯ

17.10.2024

Бүгін «Сарыарқа» республикалық велотрегіне Д.Қонаев атындағы №66 мектеп-лицейінің 8-сынып оқушылары келді. Кезекті экскурсия мұз айдынынан бастау алды. Ұл-қыздар спорт түрлерімен танысып, жаттығу процестерін бақылады.

Кейіннен велотрекке кіріп, велоспорттың ерекшеліктері мен спортшылардың дайындығы жайлы білді. Нысандағы жылу торабына оқушылардың қызығушылығы ерекше болды. Жалпы, экскурсияға 45 бала келіп, біраз ақпарат алып, жаңа әсерлер алды.

 

Бөлісу: