ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН КЕЗЕКТІ АПТА САЙЫНҒЫ ЭКСКУРСИЯ ӨТТІ

03.12.2024
Бүгін «Сарыарқа» велотрегінде №34 мектептің жоғары сынып оқушыларына арналған кезекті апта сайынғы экскурсия өтті. Бұл іс-шаралар қала оқушыларының кәсіби бағдарлау жобасына қосқан үлесіміздің маңызды бөлігіне айналды. Экскурсиялар оқушыларға әртүрлі кәсіпорындар мен нысандардың жұмысы туралы көбірек білуге мүмкіндік береді, олардың ой-өрісін, білім алу көкжиегін кеңейтеді.

Біздің мамандар оқушыларға салқындатқыш, жылыту, сумен жабдықтау және желдету жүйелерін қоса алғанда, кешеннің қалай жұмыс істейтінін егжей-тегжейлі айтып, көрсетті.  Сондай-ақ ғимараттың дизайн ерекшеліктері туралы қызықты фактілермен бөлісті.

Өкінішке орай, бұл жоба аяқталуға жақын. Алайда, болашақта мектеп оқушыларын өздерінің кәсіби траекториясын таңдауға шабыттандыру үшін осындай экскурсиялар жалғасады деген үміттенеміз.

Бөлісу: