Астанада скейтбақтың үлкен ашылуы

18.09.2014

2014 жылғы 17 қыркүйекте «Сарыарқа» Республикалық велотрегі» РМҚК аумағында скейтбақтың үлкен ашылуы өтеді.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Уалиев Қуатжан Серікқазыұлы және «Сарыарқа» Республикалық велотрегі» РМҚК директоры Мұқашев Бауыржан Өмірсерікұлы құттықтау сөзін сөйлеп, қызыл лентаны кесумен скейтбақты ашты.

«Осы спорт объектісінің ашылуымен құттықтаймын! Қазіргі жастар – бақытты, өйткені олар олар кез-келген іспен айналысуға және үлкен шыңдарға қол жеткізуге болатын керемет уақытта өмір сүреді. Осы скейтбақ сіздерге пайдалы болатынына сенемін.Сіздерге табыс тілеймін!» - деп атап өтті ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Уалиев Қуатжан Серікқазыұлы.

БМХ балаларының, скейтерлердің, паркурлардың, роллерлардың, стрит воркаут көрсетулері көрермендердің таң қалдырды. Өнер көрсетуші балалар арасында батл өтті, онда дала спортының әрбір бағытынан бір өкіл шығып, өз спорттағы қиял көріністерін  би арқылы жеткізді. Әрине достық жеңіске жетті. Көрермендер де шетте қалған жоқ, оларда сыйлықтар мен сувенирлер бар конкурстарға қатысты.

Бұл іс-шара ашылуыдағы барлық адамдарға көптеген жағымды эмоциялар берді. Балалар жаттығуларға арналған тамаша алаңға ие болды, ал көрермендер дала спортымен жақынырақ танысуға және спортпен айналысуға мүмкіндік алды.

«Сарыарқа» велотрегінің баспасөз қызметі

Бөлісу: