Жаңалықтар
Велоспорттан Қазақстан Республикасы чемпионатының қорытындысы
Өткен демалыс күндері балалар мен жасөспірімдер арасында велоспорттан Қазақстан Республикасының чемпионаты өткен болатын. Ереже бойынша қатысушылар өз жас ерекшеліктері бойынша белгілі бір қашықтықты еңсеріп, өзара мықтыны анықтады.
Төрешілердің шешімі бойынша сайыс қорытындысы мынадай: ер балалар арасында 500 метр жүріп өтуден 2008 жылы туған астаналық Куйтенов Мұрат І-орынға ие болды. ІІ-орын Павлодар облысынан келген Журавский Данилге бұйырса, үздік үштікті Ковалёнок Егор түйіндеді. Дәл осы қашықтықты қыздар арасында бірінші болып бағындырған Проскурина Анна жүйрік атанды. ІІ-орынға қостанайлық Хоружая Виталина жайғасты. ІІІ-орынды Бегешева Диана еншіледі.
60 айналым бойынша топтық жарыста Азаматұлы Файзолла І-ші, Куйтенов Мұрат ІІ-ші, Ерік Ринат ІІІ-ші орынға ие болды. Осы көрсеткіштер бойынша қыздар арасында Ташбай Анель мәреге бәрінен бірінші болып жетті, Хоружая Виталина ІІ-орын алса, Абылгазы Аружан ІІІ орынды қанжығасына байлады. Дегенмен, бұрымды скретч жарысы бойынша үздік атанып, бірінші орынды иеленді. ІІ-ші орын Никифорова Елизаветаға бұйырып, Ивановская Ирина ІІІ-ші орын алды.
36 айналым бойынша топтық жарыста Куйтенов Мұрат І-ші, Азаматұлы Зейнолла ІІ-ші, Азаматұлы Файзолла ІІІ-ші орынды иеленді.