Велоспорттан ҚР Чемпионатының қорытындысы

15.08.2024

10-15 тамыз аралығында велоспорттан өткен Қазақстан Республикасы Чемпионаты өз мәресіне жетті. Қазылар алқасының шешімі бойынша гит 500 метр жарысында ұлдар арасында Илья Косолапов 1-орынға ие болды. Астаналық велошабандоздың нәтижесі – 35,792. Екінші орынды Жетісу облысынан келген Санжар Мәулет алса, үздік үштікті қарағандылық Максим Ковальчук қорытындылады.

Қыздар арасында Павлодар облысынан келген Анастасия Наливайко алтын, астаналық Валерия Кузнецова күміс, Жанар Куйтенова қола медаль иеленді.

Топтық жарыста Валерия Кузнецова бірінші орын алды. Екінші орын Дарья Медведеваға берілсе, үшінші орын Аруана Тулеуханға бұйырды. Ұлдар арасында Тимур Садиев алтын медальға ие болса, Матвей Гончаров күміс, Артур Пискулин қола медальды қанжығасына байлады.

Скретч топтық жарысында ер балалар арасында астаналық Илья Косолапов бірінші, Матвей Гончаров екінші, Алихан Шыңғысұлы үшінші орын алды.

Дәл осы сайыста қыздар арасында Жания Қаңтарбай алтын, Дарья Медведева күміс, Валерия Кузнецова қола медальға ие болды. Барлық спортшыларды құттықтаймыз!

Бөлісу: