Велошабандоздарымыз Венгриядағы Ұлттар Кубогінде 6 орынға ие болды

15.08.2024

2024 жылдың 11-15 тамыз аралығында тас жол велосипеді бөлімшесінің юниорлары Венгрия елінің Мишкольц қаласында жасөспірімдер арасында өткен Ұлттар кубогіне қатысты. Дүбірлі додада 18 елден 22 команда бақ таластырды. Қазақстанның намысын «Астана» олимпиадалық даярлау орталығы атынан Бейсембай Мансұр, Алик Батырхан, Михаил Подлужный және Чжан Кирилл қорғады.

Жарыс қорытындысы бойынша Бейсембай Мансұр қазақстандықтардың ішінде үздік нәтиже көрсетіп, 7 орынды иеленді. Ал Михаил Подлужный 31 орынды қанжығасына байласа, Чжан Кирилл 37-ші, Алик Батырхан 43 орынға табан тіреді.

Ойын қорытындысы бойынша отандастарымыз жалпыкомандалық есепте 6 орын алды. Айта кеткен жөн, бұл – биылғы жылда өткен Ұлттар кубогінің соңғысы. Спортшыларымыз сайысты сәтті аяқтағандықтан, елдер рейтингінде 21-орынға көтерілді. Құттықтаймыз!


Бөлісу: