ВЕЛОТРЕКТЕ ВЕЛОСПОРТТАН ҚР ЧЕМПИОНАТЫ, ҚР КУБОГІ ӨТІП ЖАТЫР

22.10.2024

20-24 қазан аралығында «Сарыарқа» велотрегінде гит 1000 м (ерлер, жасөспірімдер) және 500 м (әйелдер, жасөспірімдер) қашықтығы бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты, темп түрлері бойынша Қазақстан Республикасының Кубогі өтіп жатыр. Сонымен қатар, спортшылар спринт пен кейрин жарысында да бақ таластырады.

Қатысушылар Алматы, Қарағанды, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Жетісу облыстарынан жиналған. Алматы мен Астана қалаларының намысын төрт спортшыдан қорғауда. Сайысқа жалпы 64 адам қатысып жатыр.

Чемпионат велоспорттың көптүрлілігі мен білікті спортшылардың жиналуынан қызықты әрі тартысты өтуде. Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз! Жарыс барысы мен нәтижелерін жариялап отырамыз!

 

Бөлісу: