Жаңалықтар
СПОРТШЫМЫЗ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВЕЛОСПОРТТА ЖАҢАДАН РЕКОРД ОРНАТТЫ
21.10.2024
Керемет жаңалық! Спортшы Кирилл Курдиди тректегі велоспорттан Әлем чемпионатында гит 1000 м қашықтығында жоғары нәтиже көрсетіп, 7-орынға ие болды. Осылайша ол қазақстандық велоспортта жаңадан рекорд орнатты!
Бұл жетістік басқа да спортшылардың қызығушылығын оятып, елімізде велоспорттың одан әрі дамып келе жатқандығының көрінісі іспеттес.
Велосипед тебу тек физикалық белсенділікті ғана емес, сонымен қатар терең ойлау мен табандылықты қажет етеді. Кирилл Курдидидің жоғары нәтижесі біздің спортшылардың әлемдік деңгейде бәсекелесуге және тамаша нәтижелер көрсетуге дайын екендігін растайды. Алдағы уақытта жаңа жеңістер мен жетістіктер көп болсын дейміз!
Фото: Olympic.kz