Таеквондошыларымыз республикалық турнирде жоғары нәтиже көрсетті

21.08.2024

Таеквондо секциясының спортшылары «Burabay Open» республикалық турнирінде жүлдегер атанды. Жарыс тамыздың 18-і мен 20-сы аралығында Щучинск қаласында өткен.

Турнирге ел бойынша 500-ге жуық адам қатысты. Онда біздің орталықтың спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, қоржынды медальдармен толықтырды.

Қазылар алқасының шешімі бойынша Нурикамал Мұзарап пен Мирас Исенгелдин алтын медаль жеңіп алды. Мадина Мадалиева, Ерсұлтан Оразбекұлы және Аркен Алиев екінші орынға ие болды. Ал Мұрат Қасымханға қола медаль бұйырды. Барлық жеңімпаздарымызды құттықтап, келесі сайыстарда сәттілік тілейміз!

Бөлісу: