Ментальді ерекшеліктері бар жас спортшыларға арналған паравелоспорт

24.09.2024

Ағымдағы жылдың қаңтар айынан бері «Сарыарқа» велотрегінде «VELOLEGEND» жекеменшік мекемесі балаларға паравелоспорт бойынша жаттығулар өткізеді. Қабылдау 6 жастан басталады. Қазіргі таңда аталған мектепке аутизм спектрінің бұзылуы және басқа да ментальді ерекшеліктері бар 60 жас спортшы келіп жүр.

«VELOLEGEND» - те үнемі біліктілігін арттырып, әр қатысушыға қолдау көрсететін кәсіби жаттықтырушылар жұмыс істейді.

Тегін жаттығуларға іріктеу үш айда бір рет өткізіледі. Сонымен қатар, ақылы жаттығулар қолжетімді.

Мына байланыс номері арқылы жазылуға болады: +7 (747) 728-62-65 (Қайрат).


Бөлісу: