ВЕЛОСПОРТТАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДАҒЫ БІЗДІҢ ҚҰРАМАНЫҢ АЛҒАШҚЫ ЖЕҢІСІ!

07.02.2025

Азия чемпионатының алғашқы жарыс күнінде біздің спортшыларымыз тамаша нәтиже көрсетті! Жасөспірімдер арасындағы командалық микс дисциплинасы бойынша 6 елдің 6 командасы қатысқан бәсекеде Қазақстан құрамасы 27:37.891 нәтижесімен 2-орынды иеленді, Өзбекстан командасына небәрі 11 секундта жеңілді! Спортшылардың табандылығын мен жеңіске деген ұмтылысын мақтан тұтамыз!

Еске салсақ, велоспорттан (тасжол) Азия чемпионаты 7-16 ақпан аралығында Таиланд мемлекетінің Пхитсанулок қаласында өтіп жатыр. Алдағы сайыстарда велошабандоздарымызға сәттілік тілейміз!

Бөлісу: