Жаңалықтар
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТКЕН ТАЕКВОНДОШЫЛАРДЫ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Таеквондо секциясының спортшысы Нурали Шералы республикалық турнирде балалар арасында 32 келі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, алтын медаль жеңіп алды. Сонымен қатар, 40 келі салмақ дәрежесіндегі Алинур Адылхасын да бірінші орынға ие болды. Ерболат Данияровқа (32 келі) ІІ-ші, Арсен Есенкуловқа (28 келі) ІІІ орын бұйырды.
Кадеттер арасындағы сайыста Жандос Мұхтар 45 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, алтын медальды қанжығасына байлады. Руслан Стацина (37 келі) мен Ерсұлтан Оразбекұлы (49 келі) күміс медаль еншіледі.
«Karaganda Open» республикалық турнирі 9 қазан күні басталып, 11-і күні мәресіне жетті. Сайысқа 500-ден астам спортшы қатысты. Барлығы мықты дайындықпен келген, біздің балалардың қарсыластары осал болмады. Дегенмен қызу дайындықтықтың арқасында жеңіске жетіп, жүлделі орындармен оралдық», - деді таеквондо жаттықтырушысы Алишер Бейсембай.