«Сарыарқа» велотрегімен «VeloLife» қосылыңыз

12.06.2014

2014 жылғы 14 маусымда «Сарыарқа» Республикалық велотрегінің дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне «Сарыарқа» республикалық велотрегінің аумағында бұқаралық велошеру және жүлделер мен жолдамаларға арналған ұтыс ойындарымен вело эстафеталық жарыс өтеді.

Іс-шараның мақсаттары:

  • Қазақстанда велоспортты дамыту және танымал ету;
  • халық арасында белсенді салауатты өмір салтын насихаттау;
  • қазақстандық велоспорттың 100 жылдығын мерекелеу;
  • Астана күні қарсаңында қала тұрғындарына сыйлық
Іс-шара бағдарламасына: жаппай велошеру, вело эстафеталар, «Жұлдыз» көркем гимнастика мектебінің өнер көрсетуі, концерттік бағдарлама, велотрегінің және іс-шараның демеушілерінің сыйлықтары, жүргізуші Ғалым Исмағұлов және көптеген жағымды эмоциялар бар. Шара барысында «Сарыарқа» фитнес орталығына жазылу бойынша ұтыс ойыны ойнатылады.

Сайыскерлер: велоспорт әуесқойлары

* Іс-шараға қатысушыларға ыңғайлы болу үшін велотрегінің аумағында велосипедтерді жалға беру пункті жұмыс істейді.

«Velo Life» республикалық мемлекеттік «Сарыарқа» велотрегінің басшылығымен ұйымдастырылды.Бізге қолдау көрсеткен: Қазақстан велоспорт федерациясы, «Нұр Отан», «Жас Ұлан», «Жұлдыз» көркем гимнастика мектебі, Б.С. «Астана».

Күні: 14 маусым 2014 ж. Басталуы сағат 11:00.

Шара «Сарыарқа» республикалық велотрегі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының көше аумағында (оңтүстік-шығыс жағы) өтеді.

Байланыс ақпараты:

Тел: +7 (7172) 70-71-91, +7 (775) 826 76-79, +7 (778) 948 42-84
Сейталиева Анара, Елубаева Динара.

Бөлісу: