Жаңалықтар
ЛА-НУСИЯ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ОЖЖ: «АСТАНА» ОДО СПОРТШЫЛАРЫНЫҢ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНА ДАЙЫНДЫҒЫ
28.01.2025
23 қаңтардан 4 ақпанға дейін Испанияның Ла-Нусия қаласында «Астана» ОДО тасжол велоспортының спортшылары (юниорлар) Азия чемпионатына дайындық мақсатында оқу-жаттығу жиынынан өтіп жатыр.
Спорттық шараның мақсат-міндеттері:
1. Азия чемпионатына мықтап дайындалу.
2. Күштік жұмыс жиынтығы.
3. Жылдамдық көрсеткіштерін арттыру.
Аға жаттықтырушы – Горбачевский В.Н, Тупченко Д.А. – механик.
Ла-Нусия қаласындағы оқу-жаттығу жиыны велошабандоздардың нәтижесін арттыруға көмектесетін таптырмас мүмкіндік. Әсіресе, таулы аймақтағы жаттығулар төзімділікті шыңдап, спорттық шеберлікті жоғарылатуға септігін тигізеді.