Жаңалықтар
«САРЫАРҚА» ВЕЛОТРЕГІНДЕГІ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНДАРЫ
«Сарыарқа» велотрегі қазақстандық велошабандоздардың жаттығуына керекті ең үздік, ең қолайлы жағдайларды ұсынады. Бұл жерде жаттыққан спортшылардың басым көпшілігі қарсылас шақ келтірмей, биік шыңдарды бағындырып жүр. Қазіргі таңда кешенде юниорлар мен юниор қыздар арасында велотрек (трек-темп) спорты бойынша оқу-жаттығу жиындары өтіп жатыр. Әлем чемпионатының 2-кезеңіне дайындық жаттығулары желтоқсанның 6-сы басталып, бүгін, яғни 11 желтоқсан аяқталады.
Қатысушылардың тізімі: Базарбеков Диас, Шемет Аркадий, Куварин Илья, Петухова Анна, Журавский Данил және Наливайко Анастасия. Воржев П.А. - жаттықтырушы және механик Ардашев И.Г.
Жаттығу жиынынан кейін спортшылардың кәсіби шеберліктері артып, халықаралық аренада жоғары нәтижелерге қол жеткізеді деген үміттеміз.
«Сарыарқа» велотрегі елімізде талантты велошабандоздарды дайындайтын жетекші спорттық кешендердің бірі болып табылатыны баршаға мәлім. Орталықта заманауи жаттығу қондырғылары, арнайы жабын мен спортта биік мінбелерге жеткізетін инфрақұрылым қолжетімді.
«Сарыарқа» велотрегіндегі жиындар - жас спортшылардың физикалық дайындықтарын арттырып, командалық рухын көтеріп, спортта өсіп, дамуларына септесетін зор мүмкіндік. Алдағы жарыстарда велоспортпен шұғылданатын қыз-жігіттерге сәттілік тілейміз!