ШОРТ-ТРЕКТЕН ҚР ЧЕМПИОНАТЫ ӨТУДЕ

09.10.2024

2024 жылдың 9 қазанында Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінің мұз айдынында шорт-тректен Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды. Сайысқа еліміздің түкпір-түкпірінен мықты юниорлар жиналып отыр. Олар мұз үстінде жылдамдықтары мен шеберліктерін көрсетіп, түрлі дисциплинада бақтарын сынайды.

Жарыстың бірінші күні, 9 қазанда жасөспірімдер 1500 метр қашықтықта және 3000 метрлік командалық эстафетада жарысады. Әдеттегідей іріктеу кезеңдері, ширек финал, жартылай финал және финалдық жарыстар ұйымдастырылады.

Ел біріншілігі 12 қазанға дейін жалғаспақ. Алда қатысушыларды тартысты әрі қызықты жарыстар күтуде. Сәттілік тілейміз!

Бөлісу: