Велошабандоздарымыз халықаралық жарыстарға дайындалуда

04.10.2024

21 қыркүйек пен 4 қазан аралығында «Сарыарқа» велотрегінде арнайы дене шынықтыру дайындығы бойынша халықаралық жарыстарға дайындық ретінде оқу-жаттығу жиындары ұйымдастырылды. Жастар құрамы командалық жарыс техникасы мен жылдамдық көрсеткіштерін пысықтады.

Осындай оқу-жаттығу жиындары халықаралық аренада ел намысын абыроймен қорғап, велоспортта үздік атануға септесері сөзсіз. Барлық қатысушыларға сәттілік пен жоғары нәтижелер тілейміз!

Бөлісу: