Маунтинбайк бөлімшесінің спортшылары оқу-жаттығу жиындарынан өтуде

16.09.2024

Үстіміздегі жылдың 5-23 қыркүйек күндері Түркия Республикасының Эрзурум қаласында маунтинбайктан халықаралық жарыстарға дайындық бойынша арнайы дене шынықтыру дайындығынан оқу-жаттығу жиындары өтіп жатыр. Оған «Астана» олимпиадалық даярлау орталығының 4 спортшысы (юниорлар, юниор қыздар), аға жаттықтырушы мен механик қатысуда.

22 қыркүйек күні маунтинбайктан жарыс басталады. Велошабандоздарымыз Чакилева Татьяна, Ли Юлия, Руслан Расул мен Рахимов Ильясқа сәттілік пен жүлделі орындар тілейміз!

Бөлісу: