Жаңалықтар
Спортшылар қалпына келтіру процедураларынан өтті
Біздің велошабандоздарымыз зат алмасу процесін ынталандыруға және метаболизм процестерін жеделдетуге ықпал ететін «ГРАНД-Крио КЭТ» жалпы экстремалды крио әсеріне арналған қондырғысында жаттығулардан кейінгі қалпына келтіру процедураларынан өтті. Осының нәтижесінде токсиндер мен ағзадағы артық улы заттардан құтылып, жұмыс өнімділігі мен төзілімдікті арттыруға болады.
Заманауи жүйелер салқындатқыш фактор ретінде сұйық азот буын немесе құрғақ суық ауаны пайдаланады. Бұл криоагенттер аз уақыттың ішінде қондырғыны -100-ден -160 градусқа дейін суытады. Ағзаны қалпына келтіру жұмыстары 2-4 минутқа созылады.
Беткі тамырлар тарылып, денені гипотермиядан қорғайды. Дене температурасы төмендей бастағанда, криотерапия сеансы аяқталады, бұл пациенттің денсаулығына қауіп төндірмей, максималды терапиялық әсерді қамтамасыз етеді.