Жаңалықтар
ANTALYA MTB CUP-ҚА ДАЙЫНДЫҚ АЯСЫНДАҒЫ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНДАРЫ
2 ақпаннан бастап Түркияның Анталья қаласында «Астана» олимпиадалық даярлау орталығы маунтинбайк бөлімшесінің спортшылары (жасөспірімдер, юниорлар) халықаралық «Antalya MTB Cup» жарысына дайындық аясында жалпы дене шынықтыру дайындығы бойынша оқу-жаттығу жиындарынан өтуде. Қатысатын спортшылар мен мамандар тізімі:
- Ергешов Альдер
- Чакилева Татьяна
- Ли Юлия
- Мамаева София
- Лухманов Богдан
- Стрелецкий А.В. — механик
- Головащенко Артем — аға жаттықтырушы.
Оқу-жаттығу жиындары 14 ақпанға дейін жалғасады.
Спорттық іс-шараның басты мақсаты — спортшылардың физикалық дайындығын арттыру, бұл өз кезегінде олардың нәтижелерін жақсартуға және алдағы халықаралық жарыстарда жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуге септігін тигізеді. Мұндай күрделі дайындық процесі әр қатысушыға физикалық формасын шыңдап, техника мен төзімділіктің негізгі элементтерін жетілдіруге мүмкіндік береді, осының барлығы халықаралық жарыстардағы нәтижелеріне тікелей әсер ететіні сөзсіз.