Әлем чемпионатына қатысып жатқан велоспортшыларға сәттілік тілейміз!

22.08.2024

Кеше Қытай Халық Республикасының Лоян қаласында велоспорттың трек түрі бойынша Әлем чемпионаты басталды. Дүбірлі додаға «Астана» олимпиадалық даярлау орталығының 7 спортшысы, 2 жаттырушы және механиктер қатысып жатыр.

Ел намысын қорғайтын спортшылардың тізімі:

Трек-спринт бөлімінің юниорлары:

1. Данияр Шаяхметов

2. Аркадий Шемет

3. Диас Базарбеков

Трек-темп бөлімінің юниорлары:

1. Ердәулет Егізбай

2. Кирилл Чжан

Трек-темп бөлімінің юниор қыздары:

1. Аружан Рахмжан

2. Динара Көпжасарова.

Велошабандоздарымыз 25 тамызға дейін халықаралық аренада еліміздің намысын қорғайтын болады. Жалпы, Әлем чемпионаты – кез келген спортшы үшін керемет мүмкіндік. Онда біліктілік пен мықтылықты дәлелдеп, Қазақстанның абыройын асқақтататын медальдарға ие болуға болатынын баршамыз білеміз.

Біздің спортшыларымыз бұл жарысқа тынбай дайындалды. Спорттық шеберліктерін көрсетіп, жеңіске жетуге дайын деуге әбден болады.

Велошабандоздарымызды мақтан тұтамыз! Сайыста жоғары нәтиже көрсетіп, ел қоржынын жүлделермен толықтырады деген үміттеміз! Орталық спортшыларына бірге қолдау көрсетейік!

 

Бөлісу: