Жаңалықтар
РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА «АСТАНА» ОДО ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
25 қазан – Республика күні қарсаңында спорт саласының дамуына сүбелі үлесін қосып жүрген «Астана» Олимпиадалық даярлау орталығы директорының әкімшілік-шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары Шарипова Саным Мухтаровна Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің «Құрмет» грамотасымен марапатталды. Дәл осындай марапат Абдрахманов Серікке, Шадаев Жасұланға, Лайлиев Максимге, Тоқтыбаев Дауренге, Сатликов Максимге, Жақсыбекова Айнұрға, Каникеева Лаззатқа, Оспанова Қарлығашқа, Мусина Жадырагүлге және Смагулова Динараға берілді.
«Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі Астана қалалық филиалының Төрағасы атынан келесі қызметкерлер «Еңбек даңқы» төс белгісін алды:
Шарипов Мұратбек, Байжуманов Абай, Малгаздаров Сабит, Золотов Алексей, Айдабекова Анар, Данияров Ақылбек, Жапаров Қуанышбек, Казиев Рүстем, Карина Айсұлу, Жүргенбаева Бибайша, Шаймерденова Виктория, Қайырбекова Даржан және Туржанова Гульдин.
Кашенова Эльмира мен Жұмабеков Асетке «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі Астана қалалық филиалының Төрағасы атынан 10 қазан кәсіподақ қызметкерлері күніне орай «Құрмет» грамотасы табысталды. Құттықтаймыз!