Жаңалықтар
Велошабандоздарымыз Түркиядағы халықаралық жарыста жүлдегер атанды
20.08.2024
«Астана» олимпиадалық даярлау орталығы маунтинбайк бөлімшесінің юниорлары мен юниор қыздары халықаралық жарыста жүлдегер атанды. Сайыс қорытындысы бойынша ХСО (кросс-кантри) жарысында Евгения Заам және Расул Руслан алтын медальға ие болды. Юлия Ли 2 орынды қанжығасына байласа, Ильяс Рахимов 3 орынға табан тіреді. Тартысты бәсеке Түркия елінің Хаккари қаласында Hakkari MTB CUP UCI C2 атауымен өткен болатын.
Айта кеткен жөн, тау велосипедінің адам ағзасы үшін пайдасы орасан зор. Мәселен, спорттың бұл түрімен шұғылдану жүрек-қантамырлар жүйесін жақсартып, төзімділікті арттырады.
Таза ауада велосипед тебу көңіл-күйді көтеріп, психикалық жай-күйге оң әсерін тигізеді.
Жоғары нәтиже көрсеткен спортшыларымызды құттықтаймыз!