Велошабандоздарды Әлем чемпионатына дайындау

08.10.2024
5-13 қазан аралығында «Сарыарқа» велотрегінде жастар құрамасын Әлем чемпионатына дайындау мақсатында оқу-жаттығу жиындары өтіп жатыр. Спорттық шараның негізгі мақсаты - қатысушыларды физикалық дайындығын пысықтап, көрсеткіштерін арттыру.

Оқу-жаттығу жиындары барысында велошабандоздар жылдамдық арттыру, төзімділікті шыңдау, тепе-теңдікті сақтау және реакция жылдамдығын күшейтуге барынша көңіл бөледі. Бұл отандастырымыздың халықаралық аренада мінсіз өнер көрсетуіне септесетіні айтпаса да түсінікті. 

Аталған жиындар қатысушылардың 
спорттық дайындығын жаңа деңгейге көтеруге, командалық рухты нығайтуға және маңызды жарыстар алдында өзіне деген сенімділікті арттыруға көмектеседі.

Бөлісу: