Велосипедшілер оқу-жаттығу жиындарынан өтуде

15.07.2024

Велосипед тебу ас қорытуды, өкпенің жұмысын, терінің жай-күйін жақсартады және жүрек-қантамыр жүйесін нығайтады. Спорттың бұл түрі стреспен күресуге көмектесетінін де айта кеткен жөн.

8-25 шілде аралығында біздің велотрек бөлімшесінің спортшылары Қырғызстанның Чолпон-Ата қаласында халықаралық жарыстарға дайындалу мақсатында арнайы дене шынықтыру дайындығы бойынша оқу-жаттығу жиындарынан өтуде. Оған 5 спортшы мен жаттықтырушы қатысып жатыр. Оқу-жаттығу спортшылардың шеберліктерін арттырып, келе жатқан жарыстарда үздік нәтиже көрсетуге септігін тигізеді деген ниеттеміз. Әр жаттығу велосипедшілерді жеңіске бір қадам жақындатсын!

Чолпон-Ата қаласындағы тасжол велосипедшілердің жаңа техникалар мен дағдыларды меңгерулеріне мүмкіндік береді. Қала Ыстықкөл көлінің жағасында орналасқан, бұл бірегей климаттық жағдай туғызады. Яғни, таза тау ауасы мен қалыпты температура тиімді жаттығуларға ықпал етеді. Жылдың осы кезеңіндегі ауа-райы әдетте қолайлы, бұл ашық ауада айтарлықтай шектеусіз жаттығулар жасауға мүмкіндік береді.

Бөлісу: