Жаңалықтар
Н.Назарбаев Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы» заңына қол қойды
Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2014 жылғы 8 шілдеде Елбасы спортшыларды даярлауға заманауи талаптарды есепке алумен дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік реттеуді жақсартуға, дене шынықтыру және спорттың тиімді жүйесін құруға бағытталған Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы» заңына қол қойды.
Заң жобасының негізгі мақсаты дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнама базасын жетілдіру, заманауи тенденцияларды және жаппай дене шынықтыру, әуесқойлық және кәсіби спортты ұйымдастыру және дамыту қызметіне талаптарды есепке алумен құқықтық, ұйымдастырушылық, экономикалық және әлеуметтік қамтамасыз ету негіздерін анықтау болып табылады.
Құжат дене шынықтыру –спорт ұйымдарының қызметін реттеу мәселелеріндегі Үкіметтің, уәкілетті және жергілікті органдардың өкілеттіктерін кеңейту қарастырылады.
Сонымен қатар, кәсіби спорт қызметі саласын реттеуші нормалар, қарастырылған, спорт федерациялары қызметіне талаптар, ұйымдарда спорт клубтарын, федерацияларды, студенттік және мектеп лигаларын құруға құқық белгіленген. Заң жобасында допингке қарсы бақылау тәсілдер мен әдістерді регламенттелген, спорт медицинасын дамыту мәселелерін құқықтық реттеу, сондай-ақ спорт іс-шараларын жоспарлау және оларды өткізу тәртібі анықталған.
Спорт федерацияларының бапкерлерді аккредиттеу және спортшыларды тіркеу тәртібі енгізілді, спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды дайындау мәселелері шешілді, спорт білімдерін, дәрежелерін және біліктілік категорияларын беру ережелері бекітілді, еңбегі сіңген спортшылар мен бапкерлерді қолдаудың мемлекеттік жүйесі жетілдірілді.
Заң кәсіби спорт қызметі туралы шарттарды жасасу және бұзу, кәсіби спортшының бір спорт ұйымынан басқасына өту, жоғары дәрежелі спортшыны дайындау, спорт жарыстарына қатысу, кәсіби спорт субъектілері арасындағы дауларлы шешу мәселерін реттейді.
Аталған заң жобасы төмендегілер үшін жағымды жағдайлар құруға мүмкіндік береді: Қазақстан халқының дене шынықтыру және спортпен тұрақты айналысуы, елде дене шынықтыру қозғалысын және кәсіби спортты дамыту үшін мүмкіндіктерді кеңейту; салауатты өмір салтын жүргізу, ауру-сырқаулық деңгейін төмендету және халық денсаулығын нығайту, бұл еңбек өнімділігінің өсуіне, азаматтардың экономикалық белсенді өмірінің ұзақтылығын арттыруға, мемлекеттің медициналық көмек көрсетуге шығындарды және уақытша еңбекке қабілетсіздік бойынша төлемақыларды қысқартуға жәрдемдеседі.
Сондай-ақ елбасы заңнаманы Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы» заңына сәйкестендіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына қол қойды.
Заң жобасы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерін Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы» заңына сәйкестендіру мақсатында әзірленген.
Құжат Бюджеттік кодекске, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексіне, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекске, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы», «Мемлекеттік сатып алулар туралы» заңдарына тиісті түзетулер енгізуді қарастырады.
Атап айтқанда, дене шынықтыру және спорт, спорт медицинасы саласындағы заңнаманы бұзушылық үшін лауазымды тұлғалардың әкімшілік жауапкершілігі белгіленеді, ауыл әкімдерінің тұру орындарында және жаппай дем алу орындарында спорт инфрақұрылымын құру және қамтамасыз ету мәселелері, сондай-ақ спортшылар мен бапкерлерге әлеуметтік кепілдемелер ұсыну мәселелері бойынша құзыреттері кеңейтіледі.
Енгізілетін өзгерулер мен толықтырулар спорт, спорт ғимараттары құрылысы мәселелерін реттеу, Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнамасын бұзған үшін әкімшілік жауапкершілікті белгілеу саласындағы мемлекеттік кәсіпорындардың мемлекеттік сатып алу мәселелеріндегі олқылықтарды толтыру бойынша жағдайлар құрады. Олимпиадалық,Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындар чемпиондары мен жүлдегерлері болып табылатын спортшыларды марапаттау және ынталандыру мақсатында облыстардың, республикалық маңызды қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының тұрғын үйлерді меншікке ұсыну ерекшеліктері анықталды.
«Дене шынықтыру және спорт туралы» заңды жүктеу