ВЕЛОСПОРТТАН АНДЕРЛЕР АРАСЫНДА ҚЫРҒЫЗСТАННЫҢ ТАМШЫ КЕНТІНДЕГІ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ

11.12.2024

2024 жылғы 8-25 желтоқсан аралығында Қырғызстанның Тамшы кентінде велосипед спорты (тасжол) бөлімшесінің спортшыларын халықаралық жарыстарға дайындауға бағытталған оқу-жаттығу жиыны өтуде. Жиынға орталықтың талантты велошабандоз қыздары қатысып жатыр. Спортшылар жоғары нәтижелерге қол жеткізу мақсатында физикалық жағдайлары мен спорттық шеберліктерін арттырып, қарқынды түрде дайындалуда.

Жаттығу жиынының негізгі мақсат-міндеттері:

1.         Спортшылардың қарқынды дене жүктемелерін арттыру.

2.         Төзімділікті шыңдау жұмыстары.

3.         Биік белестерді бағындыру үшін жалпы күш төзімділігін арттыру.

4.         Тасжолда маңызды рөл атқаратын факторлардың бірі – үйлестіру мен реакцияны дамыту.

5.         Гемоглобин деңгейін жоғарылату үшін 1600-1900 м биіктікте жұмыс жасау.

6.         Әр қозғалыстың тиімділігін арттыру үшін қону мен педаль техникасын жетілдіру.

Оқу-жаттығу жиынына қатысушылар:

·         Казакова Виолетта

·         Бытырбекова Бота

·         Журтыбаева Мадина

·         Брусенская В. А. - аға жаттықтырушы

Спортшы қыздарымызға сәттілік тілейміз!

Бөлісу: